27 мамыр 2022 06:40

Алматы облысында жалған нөмірмен жүрген қызметтік көлік тексеріліп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

angry_taldyk / Instagram angry_taldyk / Instagram

Қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова Алматы облысы әкімдігіне тиесілі қызметтік көліктің жалған нөмірмен жүргенін видеоға түсіріп, желіге жариялады. Ол құзырлы органдардан тексеріс жүргізуді сұрап жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова Алматы облысы әкімдігіне тиесілі қызметтік көліктің жалған нөмірмен жүргенін видеоға түсіріп, желіге жариялады. Ол құзырлы органдардан тексеріс жүргізуді сұрап жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорған қаласында 702 YEZ 02 нөмірімен жүрген қызметтік көлік қоғам белсендісінің көзіне түсті. Белсендінің айтуынша, бұл көлікте жүргізушімен бірге мәслихат хатшысы да жүреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)

Кейін тағы бір видеода әлеуметтік белсенді көлікті арнайы тұраққа қалай апара жатқанын түсіріп алған. Ол полицейлер келген кезде көлікте тек облыстық мәслихат хатшысының жүргізушісі болғанын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сандугаш Дуйсенова (@angry_taldyk)

Видеодағы мәліметке сүйенсек, қызметтік көлік еш жерде тіркелмеген 02 сериясымен жүрген.

"Біздің бұл нөмірге қатысымыз жоқ, мәслихат хатшысы осы уақытта жұмыс орнында болған. Жүргізуші штаты мен көлік Алматы облысы әкімдігінің шаруашылық басқармасының құзырында", - деп мәлімдеді облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Ал Алматы облысы әкімдігінің шаруашылық басқармасы керісінше, көліктің мәслихатқа берілгенін айтты.

"Бұл автокөлік 009 vv 05 нөмірімен Алматы облыстық мәслихатының басқаруына берілді. Аталған көлікті пайдалану бойынша толық материалдық-техникалық жауапкершілік Алматы облысы мәслихатының аппараты ММ-ге жүктеледі", - деді Алматы облысы әкімдігінің шаруашылық басқармасының бастығы.

Алматы облысының ПД бұл дерек бойынша тексеруді бастағанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети