02 маусым 2018 15:01

Алматы облысында жоғалып кеткен музыкант өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж Коллаж

Алматы облысында жоғалып кеткен музыкант Назар Мирзаев өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматы облысында жоғалып кеткен музыкант Назар Мирзаев өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін Black & White тобының 30 жастағы дыбыс режиссерінің жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын. Ол 24 мамырда үйінен шығып, Мұхаметжан Түймебаев атындағы ауылда тұратын ағасына кетіп, одан кейін оны ешкім көрмеген.

 

 

Қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Ислам Угушев жігіттің қайтыс болғаны туралы хабарды таратты. "Мирзаев Назардың туғандары мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамын. Жігіт үйінің маңындағы бақтан табылды, қайтыс болуына қатысты мән-жай анықталып жатыр", - деп жазды Угушев Facebook желісінде.

Назардың анасы баласының қайтыс болғанын растады. "Иә, ол қайтыс болды. Ол бүгін үйге қарама-қарсы жерден табылды", - деп хабарлады Назар Мирзаевтың анасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети