26 қазан 2023 11:07

Алматы облысында қанша жер мемлекетке қайтарылды?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін жалпы ауданы 35.5 мың гектар болатын 20 пайдаланылмайтын жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін жалпы ауданы 35.5 мың гектар болатын 20 пайдаланылмайтын жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аталған жерлер жергілікті атқарушы оргектарндардың қызметінде бизнес үшін жер учаскелерін бөлу және қолжетімділік мәселелері бойынша жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау шеңберінде анықталған.

"Осылай Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімдерімен мемлекет меншігіне Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ауданы 247,4 гектар 1 учаске, Жамбыл ауданы бойынша ауданы 29.2 мың гектар 8 учаске, Іле ауданы бойынша ауданы 931.6 гектар 1 учаске, Қарасай ауданы бойынша ауданы 7 гектар 1 учаске, Кеген ауданы бойынша ауданы 1.5 мың гектар 1 учаске, Талғар ауданы бойынша ауданы 558.1 гектар 1 учаске және Қонаев қаласы бойынша ауданы 2.9 мың гектар 7 учаске қайтарылды", - делінген хабарламада.

Қайтарылған жерлер бойынша бөлу жұмыстарын жергілікті атқарушы оргектарндар жүргізеді.

Жалпы жыл басынан бері мемлекет меншігіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы ауданы 51.4 мың гектар 55 жер учаскесі қайтарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети