02 желтоқсан 2016 13:44

Алматы облысында қайтыс болған ағайындылардың балаларына берілетін жәрдемақы мөлшері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК кадры КТК кадры

Алматы облысында қайтыс болған ағайындылардың балаларына берілетін жәрдемақы мөлшері анықталды. Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Әлімхан Қадылбек биыл Ұзынағаш маңында өлтірілгеніне байланысты, асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекеттен жәрдемақы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысында қайтыс болған ағайындылардың балаларына берілетін жәрдемақы мөлшері анықталды. Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Әлімхан Қадылбек биыл Ұзынағаш маңында өлтірілгеніне байланысты, асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекеттен жәрдемақы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ бүгінгі күнде қаза тапқан ағайындылардың балаларына ҚР заңнамасына сай жәрдемақы тағайындалғанын мәлімдеді. 

"Үш ағайындының өлімі әлеуметтік резонанс тудырды. Оларды жерлеу кезінде еліміздің барлық өңірінен адамдар келді. Өз кезегінде, бізде жергілікті орындаушы орган ретінде қалыс қалмадық. Қайтыс болғанын растайтын қағаздарды алысымен біз жәрдемақының тағайындалуына кірістік", - деді аудан әкімі. - Бүгінде құжаттарды рәсімдеу шарасы аяқталды. Сонымен, Әлімхан Қадылбектің Айнабұлақ ауылында тұратын екі баласына 34060 теңге жәрдемақы тағайындалды. Жарқынбек Долданұлы мен Мұқият Зарлыханұлының артында үш баладан қалды, оларға 42290 теңге жәрдемақы тағайындалды", - деді Алмас Әділ. 

Осы оқиғадан кейін Жарқынбектің ата-анасының Долдан мен Биғайшаның денсаулығы сыр берген. Жарқынбектің анасы әрдайым аудандық емхананың бақылауында. 

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Осы істегі басты фигуранттардың бірі Талғат Сүлейманов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ерекше тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Оның сыбайласы Мұрат Оңалбаев болса, 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Мұрат Оңалбаев жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Ал "қылмыс туралы хабарламағаны үшін" айыпталған сол ауылдың жергілікті қойшысы Бақыт Байқасымов төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети