11 шілде 2016 | 12:34

Алматы облысында қаза тапқан сарбаз туралы оқиғаның жай-жапсары белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Алматы облысында қаза тапқан сарбаздың қаза болуына байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері Алматы облысында қаза тапқан сарбаздың қаза болуына байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"29108 әскери бөлімінде мерзімді қызмет әскерилерінің арасында жанжал шыққан. Мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Бекжан Баймұратов сарбаз Даниэль Сайфуллинді ұрған. Даниэль Сайфуллин алған жарақатынан қаза тапты. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жетекшісінің міндетін атқарушы Сетек Шаншырақов.

Маңғыстау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент пен жергілікті атқарушы органдардың марқұмның денесін тасымалдау мен жерлеуіне қажетті шаралардың жүргізілгені айтылып отыр.

Еске салайық, оқиға Алматы облысы Сарыөзек ауылындағы әскери бөлімде 7 шілдеде болған. Жаңадан әскерге шақыртылған сарбаз Даниэль Сайфуллин қаза тапқан. Марқұмның анасы оны қызметтестері өлтірді дегенді айтқан еді. Марқұмға жабық бассүйек ми жарақаты, басының қан тамыры жарылған деген диагноз қойылыпты. Анасы баласын өлтіргендердің Талдықорғанда өтетін сотына міндетті түрде баратынын айтып отыр.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети