11 шілде 2016 11:03

Әскерге шақыртылған сарбазды қызметтестері ұрып өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ТУМБА.kz © ТУМБА.kz

Маңғыстау облысы Маңғышлақ ауылының тұрғыны Даниэль Сайфуллин әскерден табытпен оралды, - деп хабарлайды ТУМБА.kz басылымы. Басылымның мәліметінше, оны қызметтестері ұрып өлтірген. Ол Алматы облысындағы әскери бөлімге шақыртылған. Бүгін, 11 шілдеде оны жерлеу рәсімі болып өтіпті. 


Маңғыстау облысы Маңғышлақ ауылының тұрғыны Даниэль Сайфуллин әскерден табытпен оралды, - деп хабарлайды ТУМБА.kz басылымы. Басылымның мәліметінше, оны қызметтестері ұрып өлтірген. Ол Алматы облысындағы әскери бөлімге шақыртылған. Бүгін, 11 шілдеде оны жерлеу рәсімі болып өтіпті. 

Даниэль Сайфуллин әскерге өз қалауымен барыпты. Анасы Инга Сайфуллинаның айтуынша, баласы отан алдындағы борышын өтегісі келіп, мектепті бітіргеннен кейін жоғары оқу орнына түспепті. Сәуір айының соңында ол туған күнін атап өтіп, 20 мамырда әскерге аттаныпты. 

"25 маусымда ант берді, барлығы жақсы болған. Өзім қатыса алмадым, сіңлім Алматыға барды. Баламды Алматы облысындағы Сарыөзек ауылындағы әскери бөлімге жіберіпті. Оқиға болатын күннен бұрын телефон соғып, "ана, бәрі жақсы, шақыртылған сарбаздармен казармада тұрып жатырмыз, ересек қызметтестермен қарым-қатынасымыз жоқ" деп айтты. Ал 7 шілдеде кешкі уақытта әскери коммисариаттан келіп, баламның өлгенін хабарлады", - дейді Даниэльдің анасы Инга Сайфулинна. 

Содан кейін ғана марқұм сарбазды тапа-тал түсте екі ересек қызметтесі ұрып өлтірді дегенді естиді. Басына екі рет соққы жасалыпты.

Басылымның мәліметінше, марқұмға жабық бассүйек ми жарақаты, басының қан тамыры жарылған деген диагноз қойылыпты. Анасы баласын өлтіргендердің Талдықорғанда өтетін сотына міндетті түрде баратынын айтып отыр.  

Ал Маңғыстау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жетекшісінің міндетін атқарушы Сетек Шаншырақовтың айтуынша, бұл іс жоғары деңгейде қаралып жатыр. "Біздің жігіт мамыр айында өз еркімен шақыртылған, қызметке жарамды деп танылған, комиссиядан өткен. Қазіргі уақытта тергеу органдары екі адамды ұстады, олар қамауда отыр. Олар да біреудің баласы", - дейді Шаншырақов. 

Сонымен қатар, сарбаздың өлімі дерегін әскери-тергеу комитетінің тексеріп жатқаны хабарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети