24 желтоқсан 2020 13:31

Алматы облысында қырылып қалған 40 мыңнан аса тауықтың көзі жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысындағы құс фабрикасының басшылығы компьютердің істен шығуы салдарынан қырылған 40 мыңнан аса тауықтың көзі қалай жойылғанын айтып, оқиғаның мән-жайын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысындағы құс фабрикасының басшылығы компьютердің істен шығуы салдарынан қырылған 40 мыңнан аса тауықтың көзі қалай жойылғанын айтып, оқиғаның мән-жайын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"OTAN Green Food" компаниясының деректері бойынша, қырылған құстың өліктері өңдеу цехына жіберіліп, санитарлық талап бойынша вакуумдық қазандықта жойылды. Бұл Алматы облысы Ұйғыр ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, ұйымның бас технологы және бас ветеринариялық дәрігері қол қойған тиісті актімен расталды.

"Компания төтенше жағдай салдарынан қырылған барлық құстың көзі жойылғанын, оларды сатуды жоспарламағанын атап өтті. Себебі қалдықтар мен қырылған құстың өлігін сату компанияның ЭКО, HALAL және ISO22000 сертификаттарымен расталған сапалы өнімдерді сатуға бағытталған саясатына мүлдем қайшы", - делінген компания таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, компания тауықтар фабрикадағы компьютердің істен шығуы салдарынан қырылғанын атап өтті.

"OTAN Green Food" ЖШС барлық жабдықтың жұмысына толық тексеру жүргізді. Нәтижесінде мамандар техникалық ақаудың неден болғанын анықтап, оны жойды. Сонымен қатар, компания бүкіл өндірістік штатқа қосымша нұсқаулық, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде қажетті шараларды жүргізу бойынша іс-шара өткізді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше Алматы облысындағы құс фабрикаларының бірінде 40 мыңнан аса тауық қырылып қалғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети