Алматы облысында мас жүргізуші кішкентай қыздарды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында мас жүргізуші кішкентай қыздарды қағып кетті Видео кадры

2 наурызда Алматы облысында мас жүргізуші жол шетінде тұрған төрт қызды қағып кетті. Екеуі комада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 наурызда Алматы облысында мас жүргізуші жол шетінде тұрған төрт қызды қағып кетті. Екеуі комада жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18:40-да "Уаз" көлігінің 54 жастағы жүргізушісі Қорам аулында балаларды қағып кеткен. Жол шетінде тұрған 8 және 9 жастағы қыздар зардап шекті. 

"Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы 2-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша соталды тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Алматы облысы ДП баспасөз қызметіндегілер.

Жүргізуші медициналық айықтырғыш мекемесіне жеткізілді. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған үш бала әртүрлі дене жарақатымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды, төртінші қыз дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы екі қыз жасанды тыныс беру аппаратына қосылғанын хабарлады.

"2012 жылы туған баланың жағдайы өте ауыр, терминалды. Жасанды тыныс беру аппаратына қосылды. Диагнозы: ауыр қосарлас жарақат, ашық ауыр бас сүйек-ми зақымы, ауыр дәрежедегі ми жарақаты, екі сан сүйегі сынған, 2-3-дәрежелі травматикалық шок. Қыз комада жатыр.

2012 жылы туған екінші бала жайында. Диагнозы: ауыр қосарлас жарақат, жабық ауыр бас сүйек-ми зақымы, екі сан сүйегі сынған, 2-3-дәрежелі травматикалық шок. Бала комада жасанды тыныс бері аппаратына қосылды. Қарқынды терапия жүргізіліп жатыр.

2011 жылы туған үшінші бала бойынша, диагнозы: қосарлас жарақат, бас сүйек-ми зақымы, оң жіліншіктің екі сүйегі де орнынан жылжып сынған, 1-дәрежелі травматикалық шок. Баланың жағдайы тұрақты", - деді ведомстводағылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети