03 наурыз 2021 17:37

Төрт кішкентай қызды қағып кетті: Алматы облысында мас жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысының Қорам ауылында төрт қызды қағып кеткен мас "Уаз" жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының Қорам ауылында төрт қызды қағып кеткен мас "Уаз" жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды. 

Еске салайық, 2 наурызда Алматы облысында мас жүргізуші жол шетінде тұрған екі 8 жастағы, екі 9 жастағы төрт қызды қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған үш бала әртүрлі дене жарақатымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды, төртінші қыз дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылды.

"Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторында. Жол-көлік оқиғасына ҚР ҚК-нің 345-1-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген іс-әрекет" бойынша соталды тергеу жүргізіледі. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облысы ПД өкілдері.

Дәрігерлердің айтуынша, екі қыз комада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети