22 сәуір 2022 09:52

Алматы облысында Сенатқа депутат сайланады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

22 сәуірде зейнеткерлікке шыққан Нұрлан Қылышбаевтың орнына Алматы облысы бойынша Парламент Сенатының депутаттығына сайлау өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сенат депутатын жанама сайлау құқығы негізінде мәслихаттар депутаттары саналатын республика азаматтары жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында сағат 11.00-де басталады", - делінген хабарламада. 

Парламент Сенаты депутаттығына облыстан екі үміткер бар:

  • Жанболат Жүргенбаев – Алматы облысы мәслихатының хатшысы;
  • Гүлмира Ахметова – "Халық банк" облыстық филиалының директоры.

Облыстағы таңдаушылар тізімінде 358 мәслихат депутаты бар.

Еске салайық, 30 желтоқсанда Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.

Қылышбаев 4 ақпанда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшысы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети