10 желтоқсан 2022 11:03

Алматы облысында тағы бір қару сақталған орын табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы ПД Алматы облысы ПД

Алматы облысында қару сақталған орын табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматы облысында қару сақталған орын табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше сағат 15:00 шамасында жергілікті полицейлер ІІМ қызметкерлерімен бірге Шамалған кентінің маңында қару сақталған орынды анықтады.

Жедел іс-шара барысында тәртіп сақшылары екі қапты тәркіледі, оның ішінде 12 калибрлі үш тегіс ұңғылы мылтық, 410 калибрлі "Сайга" маркалы бір аңшылық мылтық, сондай-ақ, "Вепрь" маркалы иір ойықты мылтық және 308 бен 7.62 миллиметр калибрлі екі патроны бар екі ақсауыт болды.

Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиіс сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети