15 қыркүйек 2019 23:11

Алматы облысындағы төтенше жағдай: Үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы облысы полиция өкілдері Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде болған апаттан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысы полиция өкілдері Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде болған апаттан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Үш автобус жолаушысы зардап шекті. Олар: бір әйел адам мен екі жас бала. Олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаментінің өкілдері. 

Сондай-ақ полиция өкілдері автобус Алматы-Қаскелең бағыты бойынша жүретін автобус екенін атап өтті. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Еске салайық, төтенше жағдай "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. Автобус жүргізушісі дабылға қарамастан теміржолға өтіп кеткен. Нәтижесінде автобус пойызбен соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тауып, үш адам зардап шеккен. Төтенше жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети