19 қараша 2019 | 13:51

Алматы облысының әкімі Бағдат Мәнізоров ісіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов орынбасары Бағдат Мәнізоров ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов орынбасары Бағдат Мәнізоров ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен өзімнің жеке пікірімді айта аламын, бірақ тергеу жұмыстарына қатысты пікір білдіре алмаймын. Мәнізоров жұмыста. Осы жағдай болғанда, ол маған келіп бұл айыптаулардың бұрынғы жұмысына қатысты екенін айтты. Содан мен оған "өзің осы мәселені шеш" деп айттым. Сондықтан ақысыз демалысқа жіберуін сұрады. Мен рұқсатымды бердім.

Оны бұрыннан танимын. 2001 жылы Талдықорғанға жұмыс істеуге келгенде Көксу, Ақсу аудандарының әкімі қызметін атқарды. Сол уақыттан бері таныспыз, сосын маған жұмысқа келді. Екі ай уақыт жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін оған бірнеше тапсырма бердім, барлығын орындап жүрді. Сол сәтте оған жұмыстан шық деп айта алмаймын ғой. Адамгершілік болуы керек", - деді Амандық Баталов.

Облыс әкімі кез келген адамның осындай жағдайға ұшырауы мүмкін екенін айтты.

"Тергеу органдары айналысады. Кінәлі болса, жауап береді. Кінәсі болмаса, әрі қарай жұмысын жалғастырады", - деді Баталов.

Келіспейміз - Антикоррупция қызметі Мәнізоровқа қатысты істің тоқтатылуы туралы

Еске салайық, 27 қыркүйекте Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров абақтыға қамалды деп хабарланған болатын. Ал 30 қазанда әкім орынбасарының жұмысқа шыққаны айтылды.

Кейінірек Мәнізоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайын айтып берді. Ол бұл қылмыстық істердің артында белгілі адамдардың тұруы мүмкін екенін айтқан болатын. Ол адамдардың кім екенін анықтап жатырмын деген еді әкімнің орынбасары

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети