12 тамыз 2020 13:13

Алматы облысының бас санитар дәрігері тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерғали Сыдыманов Алматы облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін басқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ерғали Сыдыманов Алматы облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін басқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осыған дейін ол Маңғыстау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін басқарған болатын.

Айта кетейік, Ерғали Сыдыманов 1970 жылы 7 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1996 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын, 2004 жылы Тараз қаласының Дулатиатындағы мемлекеттік университетінде білім алған.

Ол еңбек жолын Жамбылдағы жедел жәрдем станциясында санитарретінде бастады. Кейін Жамбыл облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің санитар дәрігері, Атырау қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық станцияның бас дәрігері, Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, Талдықорған қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы болып жұмыс істеген.

Ерғали Сыдыманов - медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети