Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы облысының фельдшері науқасты құтқару үшін өзеннен жүзіп өтті 22 сәуір 2022, 17:16

20 сәуірде Балқаш ауданының жедел жәрдем диспетчеріне Іле өзенінің арғы жағында орналасқан фазендадан қоңырау түскен. Көліктер ол жерге жете
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

20 сәуірде Балқаш ауданының жедел жәрдем диспетчеріне Іле өзенінің арғы жағында орналасқан фазендадан қоңырау түскен. Көліктер ол жерге жете алмайды, бірақ жергілікті фельдшер мәселені шешудің амалын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол моторлы қайығы бар жергілікті тұрғынды тез тауып алды. 40 минуттан кейін өзенді жүзіп өтті, бірақ науқасқа жету үшін орман арқылы тағы бір шақырым жүруіне тура келді.

Науқасқа жеткен соң ер адам төбелес салдарынан жарақат алғаны белгілі болды. Мас күйінде бір топ адам төбелесіп, біреуі зардап шеккен.

Данияр Күмісбаев зардап шеккен адамға дер кезінде жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Артынша фельдшер пышақ жарақатын алған ер адамды дереу жағаға шығарып, аудандық ауруханаға жеткізген. Қазір науқастың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

"17 жыл жұмыс істеп, көп нәрсені көрдік. Қандай жағдай болса да, біз әрқашан дайын болуымыз керек. Жедел жәрдемде жұмысымыз тез нәтиже беруі керек. Адам ауырып қалды, көп ұзамай сіз көрсетілген көмектің нәтижесін көресіз", - дейді Данияр Күмісбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram