1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы өмір сүруге ыңғайлы қалалар рейтингінде 177-орында

Фото:skyview.kz Фото:skyview.kz

Алматы өмір сүру сапасының рейтингінде 177-орынға жайғасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mercer консалтинг компаниясына сілтеме жасап.

Биыл компания 231 қаланы салыстырған. Рейтингті құру барысында өмір сүру, экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдай, көлік, тамақ, тұрмыстық тауарлар мен ойын-сауық сапасы, ауа райы, әлеуметтік-мәдени ортасы, білім мен медицина деңгейі есепке алынды.

2019 жылы Mercer-дің бүкіләлемдік рейтингінде Австрия астанасы Вена бірінші орын алды. Екінші және үшінші орындарға, тиісінше, Цюрих пен Ванкувер орналасқан. Өмірге ең қолайлы он қаланың тізіміне Мюнхен, Окленд, Дюссельдорф, Франкфурт, Копенгаген, Женева және Базель енді.

Рига 90 орын алса, Мәскеу - 164, Ереван - 170, Киев - 173, ал Сан-Петербор - 174-позицияда. Минск 188-ші  сатыға жайғасқан. Рейтингке енген қалалар ішінде ең төменгі орынды Бағдат алды. Ол соңғы, 231-орында тұр. Баку 195, Ташкент 203-ші сатыға орналасты. Бішкек рейтингтің 206-орнында тұр.