Алматыдағы Төле би мен Әуезов қиылысының маңындағы ағаштардың кесілуіне байланысты қала әкімдігі өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы Төле би мен Әуезов қиылысының маңындағы ағаштардың кесілуіне байланысты қала әкімдігі өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, 23 қарашада Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының, Алмалы аудандық ПБ табиғатты қорғау полициясының және қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің мамандары Төле би көшесі, 187 мекенжайына мән-жайды анықтау үшін барған.
"13 ағаш (9 емен және 4 қарағай) кесілгені анықталды. Sulpak мердігерлері - "Сакура" ЖК және "Бурибекова" ЖК - Төле би көшесі, 187 ғимаратының маңында абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқаны анықталды. "Arena S" (Sulpak) ЖШС, ғимарат иелері және екі ЖК - "Сакура" және "Бурибекова" арасында абаттандыру, су бұру науасын, тротуар плиталарын бөлшектеу, құнарлы қабатты кесу және тағы да басқа мердігерлік келісімшарттар жасалғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Ал кесілген ағаштар бойынша келтірілген залалды анықтау үшін Жасыл экономика басқармасы Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне сауал жіберетіні, оның жауаптары бойынша осы заңбұзушылықты саралау жүргізілетіні айтылады.
"Сакура" ЖК директоры А.Чертихинге қатысты полиция ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы 1-бөлігі "Түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын қосымша хабарлаймыз. Айыппұл - 20 АЕК, 55 560 теңге. Іргелес аумақты уақтылы жинамағаны үшін "Бурибекова" ЖК-ке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде 83 340 теңге сомасына әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, алматылықтар Әуезов пен Төле би көшелерінің қиылысындағы ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі мен Sulpak компаниясының өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірген. Сол пікірінде "Arena S" (Sulpak сауда маркасы) компаниясының өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!