Алматы орталығында бір күнге ыстық су өшіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы орталығында бір күнге ыстық су өшіріледі Фото:depositphotos.com

Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар ғимаратта бір күнге ыстық су өшіріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар ғимаратта бір күнге ыстық су өшіріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпарат "Алматы жылу желілері" кәсіпорнының Instagram-парақшасында жарияланған.

"16 сәуірде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданы аумағындағы Масанчи - Сәтбаев - Сейфуллин - Тимирязев - Байзақов - Бұқар жырау бульвары - Хамит Ерғалиев жағалауы - Сәтбаев - Байтұрсынов - Абай көшелері шекарасында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға ыстық су берілмейді", - делінген компания хабарламасында.

Шектеулер жылу желілерін қайта жаңарту кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында енгізіліп отырғаны нақтыланды. Компания уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.71   561.69   6.29 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети