30 мамыр 2023 09:46

Алматы орталығында танымал бургер сататын орын өртенді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/kris_p_alm Фото: t.me/kris_p_alm

Алматы орталығында танымал бургер филиалы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы орталығында танымал бургер филиалы өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 30 мамырда таңғы сағат 9:00 шамасында Сейфуллин даңғылы мен Төле би көшесі қиылысында болған. Өрт болған жерде Gippo фастфуд желісінің бір филиалы орналасқан. Қоғамдық тамақтану пунктінің контейнерінен қою түтін шыққан. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы қосымша ақпарат алу үшін Төтенше жағдайлар департаментіне жүгінді. Ведомствоның баспасөз қызметі шұғыл ақпарат берді.

"30 мамырда таңғы сағат 08.49-да Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 541-үй маңында қоңырау түсті. Жеке тұрған Gippo филиалында 15 шаршы метр аумақта өрт шықты. Сағат 09.14-те өртті жою жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ТЖД нысандары мен 11 қызметкер мен төрт техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп түсіндірді ТЖД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети