Алматы полициясы бес адамды ұстады: Пәтерлерде тапаншалар мен гранаталар табылған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Алматы ІІД © Алматы ІІД

Алматы полицейлері "Астана" алаңы мен Республика алаңының маңында жүргізілген жедел шаралардың барысында өртенетін сұйықтығы бар шөлмектер, арматураның ондаған данасы, металл түтікшелер мен бензин құйылған канистраларды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полицейлері "Астана" алаңы мен Республика алаңының маңында жүргізілген жедел шаралардың барысында өртенетін сұйықтығы бар шөлмектер, арматураның ондаған данасы, металл түтікшелер мен бензин құйылған канистраларды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, Алмалы және Медеу ауданындарындағы екі пәтерден бірнеше қару, оның ішінде Макаров және "ТТ" жүйесіндегі тапаншаларды, шолақ мылтықтар, бірнеше оқ-дәрі, РГД-5 төрт граната, сонымен қатар жалпы сомасы 5 миллион теңге болатын ақшалай қаражат тапты. "Күдікпен бес адам құқық қорғау органдарына жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр және күдіктілермен байланысы барлар анықталып жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 


© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Бұған дейін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Бәйсейітова көшесі аймағын: Абай даңғылынан жоғары, Республика алаңының маңына дейінгі аралықты қоршауға алғаны хабарланған еді. Куәгерлер кәріз құдығында белгісіз қаптың табылғанын айтты.

Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерден полицейлердің қоршауға алынған жерді тексеріп жатқанын көруге болады. Жолда металл темірлер, түтіктер, сонымен қатар шыны бөтелкелер мен белгісіз сұйықтық құйылған пластик бөтелке жатыр. Кадрдан полицейлердің табылған заттардағы саусақ іздерін тексеріп жатқанын байқауға болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.04  course up  583.52  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer