20 мамыр 2016 12:43

Алматыдағы қоршауға алынған жерден табылды делінген заттардың суреттері жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер жолдаған сурет. © Tengrinews.kz Куәгерлер жолдаған сурет. © Tengrinews.kz

Интернетте Алматыдағы Республика сарайының қоршауға алынған маңынан табылған заттардың суреті жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Интернетте Алматыдағы Республика сарайының қоршауға алынған маңынан табылған заттардың суреті жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Бәйсейітова көшесі аймағын: Абай даңғылынан жоғары, Республика алаңының маңына дейінгі аралықты қоршауға алғаны хабарланған еді. Куәгерлер кәріз құдығында белгісіз қаптың табылғанын айтты.

Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерден полицейлердің қоршауға алынған жерді тексеріп жатқанын көруге болады. Жолда металл темірлер, түтіктер, сонымен қатар шыны бөтелкелер мен белгісіз сұйықтық құйылған пластик бөтелке жатыр. Кадрдан полицейлердің табылған заттардағы саусақ іздерін тексеріп жатқанын байқауға болады.

Айта кетейік, Алматы ІІД оқиғаға қатысты әзірше ешқандай түсінік берген жоқ. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети