Алматыда Қоғамдық кеңес тыңдауында ІІД, прокуратура, Терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл Антитеррористік орталығының өкілдері есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құқық қорғау органдарына "алматылық атқыш" Руслан Күлекбаев туралы сұрақ қойылды.
Алматыда Қоғамдық кеңес тыңдауында ІІД, прокуратура, Терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл Антитеррористік орталығының өкілдері есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Құқық қорғау органдарына "алматылық атқыш" Руслан Күлекбаев туралы сұрақ қойылды.
"Күлекбаев бұған дейін де заңды белшесінен басқан. Ол Оралда, Қызылорда облысында түрмеде болған. Ал Алматыда ол қалайша бақылаусыз қалып қойды?", - деп сұрады қоғамдық кеңестің мүшесі Александр Белянов.
Алматы қалалық ІІД Экстремизммен күрес жөніндегі басқармасының басшысы Қанат Сарымсақовтың мәліметінше, Күлекбаев колониядан босап шыққан кейін құқық қорғау органдарының көзіне түспеген. "Арнайы прокуратура органдары Күлекбаевқа қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр, қазір тергеу жүріп жатыр. Жалпы алғанда, Күлекбаевтің жасырын болғанын айта аламын. Себебі Алматыға нәпақа табу үшін талай адам келеді, оның барлығын бақылау мүмкін бола бермейді. Ол өз бетімен қмір сүрді, пәтер жалдады, базарда жұмыс істеді, белсенді радикал әрекеттері байқалмады, көзге түспелі. Оның соттылығы бар, ол Қызылорда облысының тұрғыны, Алматыда тұрғылықты тіркелмеген. Мұнда ол нәпақа табу үшін келген", - деді Сарымсақов.
Оның айтуынша, сақтандыру шараларын жүргізу мақсатында қазіргі уақытта Алматыда жалға берілетін пәтерлердің есебі жүргізіліп жатыр. "Қазір біздің Ішкі істер департаментінде полицияның әрбір қызметкері өзінің әкімшілік учаскесінде жалға берілетін пәтерлерді тексеріп жатыр. Пәтер иелері кооперативтері жұмысқа тартылып жатыр. Осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Қалада жалға берілетін екі мыңнан аса пәтер анықталды", - деді Сарымсақов.
Сонымен қатар, оның мәліметінше, қару-жарақ дүкендері ерекше бақылауда.
"Қару-жарақ дүкендеріне келсек, барлық сыртқы қызмет тартылды, олар жүйелі түрде тексеріс жүргізіп тұрады. Оның үстіне, күзет қөұрылымдарымен қосымша жаттығулар мен нұсқаулық шаралар өткізілді, әрбір дүкенмен жиналыс өткіздік. Сондай-ақ, күнделікті тексеріс жасағы осы дүкендерге жақын маңға орналастырылды. Олар өз аудандарын күні бойында тексереді", - деді ол.
Айта кетейік, бүгін алматылық атқыш өлім жазасына кесілді. Бірақ оны орындауға елімізде мораторий жарияланған.
Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.