28 қараша 2020 10:02

Алматы "сары" аймаққа кірді - Сағынтаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz Сурет: Tengrinews.kz

Алматы коронавирус жұқтыру қаупінің "сары" аймағына кірді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-да жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы коронавирус жұқтыру қаупінің "сары" аймағына кірді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-да жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті алматылықтар. Биылғы 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы - босаңсымау. Пандемия басылған жоқ. Бүкіл әлемдегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің "сары" аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз", - деді әкім.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Еске салайық, кейінгі тәулікте (27 қарашадағы деректер бойынша) Қазақстанда коронавирус жұқтырған 826 адамның 84-і Алматыда тіркелген.

Бұған дейін Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада COVID-19-ға қатысты жағдай тұрақсыз екенін мәлімдеген болатын.

"Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлау тенденциясы бар. 26 қарашадағы жағдай бойынша Алмалы және Бостандық аудандары сары белдеуде, аурушаңдық деңгейі сәйкесінше 28,5 және 29,4, Rt индикаторы екі ауданда 1,1-ге тең. Әуезов (21,2) және Медеу (23,3) аудандары коронавирус инфекциясының жиілігі бойынша "қауіп" аймағында. Таралу индексі бойынша ең тұрақты жағдай Жетісу (0,9) және Түрксіб (1,0) аудандарында байқалады", - деді ол.

Бекшин Алматыда ауру өсімі қазанда басталғанын, онда 366 КВИ жағдайы тіркелгенін хабарлады. Бұл қыркүйекпен салыстырғанда 2,2 есе жоғары (165 КВИ жағдайы). Биыл 26 қарашадағы жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған 1122 адама тіркелген, қыркүйекпен салыстырғанда ауру жұқтыру 7 есеге өскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети