27 қараша 2020 14:51

COVID-19: Алматының қай ауданы "қауіп" аймағында екені айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz/Әлихан Сариев © Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин COVID-19-ға қатысты жағдайдың тұрақсыздығына байланысты алматылықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин COVID-19-ға қатысты жағдайдың тұрақсыздығына байланысты алматылықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен енгізілген қолданыстағы шектеу шаралары КВИ ауруының өсуін тежеуге және "жасыл" аймақта қалуға мүмкіндік береді.

Осыған қарамастан, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлау тенденциясы бар. 26 қарашадағы жағдай бойынша Алмалы және Бостандық аудандары сары белдеуде, аурушаңдық деңгейі сәйкесінше 28,5 және 29,4, Rt индикаторы екі ауданда 1,1-ге тең. Әуезов (21,2) және Медеу (23,3) аудандары коронавирус инфекциясының жиілігі бойынша "қауіп" аймағында. Таралу индексі бойынша ең тұрақты жағдай Жетісу (0,9) және Түрксіб (1,0) аудандарында байқалады", - деді ол.

Бекшин Алматыда ауру өсімі қазанда басталғанын, онда 366 КВИ жағдайы тіркелгенін хабарлады. Бұл қыркүйекпен салыстырғанда 2,2 есе жоғары (165 КВИ жағдайы). Биыл 26 қарашадағы жағдай бойынша қалада 1122 коронавирус жағдайы тіркелген, қыркүйекпен салыстырғанда ауру 7 есеге өскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети