20 қаңтар 2021 09:32

Алматы соты "мас судьяның" видеосына қатысты тексеріс бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы қалалық соты әлеуметтік желілерде тараған "мас судьяның" видеосына байланысты қызметтік тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық соты әлеуметтік желілерде тараған "мас судьяның" видеосына байланысты қызметтік тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Kozachkov offside Telegram-каналында пайда болды. Видеодан төрт адамды байқауға болады, олар балағат сөздер айтады, болжам бойынша, ондағы ер адамдар мас болған.

"Олардың бірі - Алматының Алмалы аудандық сотынан келген Фемиданың қазіргі қызметшісі дейді", - делінген видеоның сипаттамасында.

Алматы қалалық соты осы видеоға қатысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілерде бір видео қызу талқыланып жатыр. Видеода Алмалы аудандық сотының судьясы бар екені айтылады. Осы дерек бойынша Алматы қалалық соты қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймын", - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети