Алматы тағы жаңбырға дайындалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тағы жаңбырға дайындалып жатыр

Алматыда тағы жаңбыр жауады деп болжанды. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер жоғары дайындық режиміне көшірілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.


Алматыда тағы жаңбыр жауады деп болжанды. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер жоғары дайындық режиміне көшірілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 23 сәуір күні сағат 15:00-ден бастап Алматыда жауын-шашын күтіледі, сағат 17:00-ден кейін - кей уақытта нөсер жауын жауып, желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

24 сәуір сондай-ақ жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнап, жауын күтіледі. 25 сәуірде күн ала бұлтты болып, өткінші жауын жауады деп болжанды.

Ықтимал су басулардың алдын алу және оларды жедел жою мақсатында қалалық қызметтердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Жұмысқа мыналар жұмылдырылды:

  • 104 бірлік арнайы техника;
  • 74 мотопомпа;
  • 12 ассенизаторлық машина, олардың бір бөлігі су басу қаупі бар аймақтарға орналастырылды;
  • құрамында 425 жол жұмысшысы бар 75 жедел бригада;
  • 2300 қап құм дайындалды.

Сонымен қатар Алматы қаласының құтқару қызметі мен ТЖД бөлімшелері де кезекшілік етуде. Жалпы, қала бойынша тәулігіне 2,7 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мыңнан астам техника шығарылды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.15   542.27   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер