"Алматы Тауэрс" кешеніндегі өрт кезінде көз жұмған студент Исмаилжон Исраиловтың әкесі Ирсали Исраилов оқиғаның мән-жай туралы айтып, аман қалғандардан өрт туралы шындықты сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы Тауэрс" кешеніндегі өрт кезінде көз жұмған студент Исмаилжон Исраиловтың әкесі Ирсали Исраилов оқиғаның мән-жай туралы айтып, аман қалғандардан өрт туралы шындықты сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Соңғы рет мен онымен қыркүйек айында көріскенмін. Ұлым алматыда өзінің сыныптасы Ёкубжон Тохтамышевпен бірге жүк тасушы болып тиын-тебен тауып жүрген. Ұлым шамамен сол уақытта ауысымын тапсырып, үйге қайтуы керек болатын. Өрт басталғанда оларда шок болды, олар терезе іздеп таппаған, ал есік кілттеулі болған. Жалғыз ғана өтінішім: аман қалғандар бар, солардан ненің қалай болғаны туралы нақты мәлімет алыңыздаршы", - деді Исраилов.
Ер адам өртке кінәлілерді жазалауды сұрап, атын қудаламайтынын айта кетті.
Ирсали Исраилова сөзінше, Исмаилжон және Ёкубжон - ОҚО-ның Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының тумалары, сыныптас болған, Алматыда бірге пәтер жалдап жатқан еді. Исмаилжон ҚазҰМУ-дың жалпы медецина факультетін тәмәмдап, стоматологиялық факультетке ауысқан, тіс дәрігері болғысы келген. "Алматы Тауэрс" әкімшілігі көз жұмғандардың ата-анасымен кезіккен, бірақ кешірім сұрамағанын айтады ер адам.
Қазір Ирсали Исраилов марқұмдардың денелерін үйіне алып бара жатыр. 9 қараша күні таңертең марқұмдарды жер қойнына тапсырады.
Университеттердің басшылығы мен ұжымдары қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл білдіріп, студенттердің отбасына материалдық көмек беріп жатыр. Осылайша, ҚазҰМУ-дың экономикалық кеңесі көз жұмған студенттің отбасына 300 мың теңгедей бөлді.
Еске салайық, 2016 жылдың 6 қарашасында "Алматы Тауэрс" ғимаратында өрт шығып, 80 адамның эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, өрттен кейін төрт адамның мәйіті табылғаны айтылды.
Ал кейінірек ғимаратындағы өрттен қаза тапқандардың студенттер екені анықталды.