Алматы тауларында жоғалып кеткен турист үш күннен кейін табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларында жоғалып кеткен турист үш күннен кейін табылды Бейнеден алынған кадрлар

Турист 20 мамыр күні Шымбұлақ жағынан тауға аттанып, екі күннен кейін оралуға тиіс болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.


Турист 20 мамыр күні Шымбұлақ жағынан тауға аттанып, екі күннен кейін оралуға тиіс болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Алайда ер адам белгіленген уақытта оралмаған, байланысқа шықпаған — телефоны желі аясынан тыс болған. Туыстары құтқарушыларға жүгінді.

" Іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары шұғыл аттанды. Құтқарушылар 3200 метр биіктікке көтеріліп, Шымбұлақ шыңы бағытына қарай беткейлерді жаяу тексерді", — деп хабарлады ведомстводан.

Ер адам бағытты тексеру барысында табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар оның "Медеу" биік таулы мұзайдынына қауіпсіз түсуін қамтамасыз етіп, жақындарына тапсырды.

ТЖМ тауға шығарда жақындарыңызға нақты бағытыңыз бен жорық уақытыңызды міндетті түрде хабарлау қажет екенін ескертті.

Айта кетейік, тау бағыттарында туристердің өз бетінше төмен түсе алмай, оларға құтқарушылар көмекке келетін жағдайлар жиі кездеседі.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.11   568.8   6.77 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +21
Ақтау +22
Ақтөбе +19
Атырау +23
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +21
П
Павлодар +20
Петропавл +24
С
Семей +25
Т
Талдықорған +25
Тараз +25
Түркістан +18
О
Орал +21
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер