Алматы түбіндегі әуе апаты: Қаза тапқандардың саны 15-ке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы түбіндегі әуе апаты: Қаза тапқандардың саны 15-ке жетті Фото: ТЖК

Алматы түбінбегі әуе апаты салдарынан қаза тапқандардың саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы түбінбегі әуе апаты салдарынан қаза тапқандардың саны артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты. 

"Оқиға орнында 14 адам қаза тапты. Бір адам ауруханада көз жұмды", - деді ол Алматы халықаралық әуежайындағы баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін қаза тапқандар саны 14 екені хабарланып, 7 адамның кім екені белгілі болған. 

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. 

Артынша ІІМ ТЖК қаза тапқандар саны артқанын мәлім еткен. Апат салдарынан тоғыз адам қаза болған. Ұшақ апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети