Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Алматы түбіндегі әуе апаты: Түпкілікті есеп Канада мен АҚШ-қа жолданды

08 Желтоқсан 2014, 15:55
0
Алматы түбіндегі апат орнында жұмыс істеген құтқарушылар. ©REUTERS
Алматы түбіндегі апат орнында жұмыс істеген құтқарушылар. ©REUTERS

Алматы түбінде CRJ-200 ұшағының апатқа ұшырауы туралы есептің түпкілікті жобасы ұшақтың осы типін өндіруші мемлекет - Канадаға және ұшақ двигательдерін өндіруші ел - АҚШ-қа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы түбінде CRJ-200 әуе көлігінің апатқа ұшырауын тергеу жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы кезінде түпкілікті есеп беру жобасы жасалды. Жоба ұшақты жасауға қатысы бар елдер - Канада мен АҚШ-қа келісуге жіберілді. 

Жобаны қарастыру мерзімі ресми жолданған уақытынан 60 күннен кем емес.

"Экипаждың екінші айналымға кету үшін қажет болған әрекеттердің бәрін орындамауына байланысты жағдайларды түсіндірудің салдарынан Алматы түбіндегі әуе апатын тергеу өте қиын болды. Бұл жағдайларды ескере отырып, үлкен көлемде қосымша зерттеулер жүргізілді, оның ішінде, кешенді сот-медициналық сараптамасы жасалды, ол экипаж мүшелерінің әрқайсысының әуе көлігі кабинасында болған орындарын және ұшудың шешуші кезеңіндегі олардың еңбекке қабілеттілігін анықтауы тиіс болды", - деп түсіндірді министрлік өкілдері. 

"ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өкілдері бұрын мәлімдегендей, Алматы түбіндегі әуе апатын тергеудің аяқталғанын тағы бір айта кету керек. Есептің жобасы немесе тергеудің қорытындылары ұшақты жасаушы елдермен келісуге берілді. Тергеудің түпкілікті нәтижелері тараптардың келісу рәсімдері аяқталғаннан кейін жария етіледі. Канада мен АҚШ өкілдерінен ресми жауап алынбайынша, жобаның жекелеген бөліктері мен жобаны тұтас күйде жариялауға тыйым салынады", - деді министрліктің көлік апаттары мен келеңсіз оқиғаларды тергеу жөніндегі департаментінің директоры Жәнібек Тайжанов. 

Тергеуге қатысушылардың келісімінен өткеннен кейін есептің түпкілікті жобасы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтында жарияланатын болады және ҚР мүдделі мемлекеттік органдарына жолданады. 

Алматы түбіндегі әуе апаты 2013 жылдың 29 қаңтары күні болды. SCAT әуе компаниясының Көкшетаудан Алматыға рейс орындаған Challenger-200 ұшағы Алматы әуежайына жақындаған кезде Қызылту елді мекені аумағына құлап түсті. Экипаждың төрт мүшесі мен 16 жолаушы, оның ішінде, екі жасар бала қайтыс болды.

2014 жылдың ақпан айында Көлік және коммуникация министрлігі тергеудің алдын ала нәтижелерін жария еткен болатын. "Алматы түбіндегі әуе апатын тергеу жер бетімен түйіскенге дейін Challenger-200 ұшағының двигателі мен барлық агрегаттарының толықтай жұмыс жасауға қабілетті болғанын анықтады. Сонымен бірге, апатқа кеменің сыртының мұздануы мен басқа да сыртқы факторлардың себеп болмағаны расталды", - делінген болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай