21 маусым 2022 17:34

Алматы тұрғыны қайтыс болғандар тізімінде жүрген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Алматы тұрғыны бір жыл бойы қайтыс болғандар тізімінде жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.


Алматы тұрғыны бір жыл бойы қайтыс болғандар тізімінде жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2019 жылы Б. есімді әйел жалған құжат жасаған: ол өз құрбысы А-ның жеке куәлігіне өз суретін жапсырып алған. 2021 жылдың қыркүйегінде Б. ауруханада қайтыс болады. Осыдан кейін Түрксіб ауданының АХАТ бөлімі А. қайтыс болды деп танып, оның деректерін базаға енгізген.

"Осы кезден бастап әйелде Қазақстан азаматының конституциялық құқықтарын, мемлекеттік қызметтерді, кепілдендірілген тегін медициналық көмекті пайдалануға мүмкіндігі болмады. Барлық органда әйел қайтыс болғандар тізімінде болған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Осыдан кейін ол прокуратураға жүгініп, ведомство барлық мән-жайды тексерген.

"Сотқа өз бетінше жүгіну мүмкін емесін ескере отырып, Түрксіб ауданының прокуратурасы арызданушының мүддесін көздеп, қайтыс болғаны туралы жазбаның күшін жою туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сот арызды қанағаттандырды. АХАТ талап арызды мойындады және өлім туралы жазбаны жойды", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Бұл ретте полиция құжатты қолдан жасау фактісі бойынша соталды тергеуді бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети