20 қыркүйек 2021 15:17

Алматы тұрғыны Максим Галкин шоуында танымал әншілерге пародия жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 жасар Алина Сансызбай Бірінші арнадағы "Лучше всех" телешоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


13 жасар Алина Сансызбай Бірінші арнадағы "Лучше всех" телешоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Максим Галкин бірнеше жанрда ән айтатын Алина мен телешоуға шақырылған қонақ - музыкант Кирилл Нечаев арасында ән жарысын ұйымдастырды. Оларға әннің түпнұсқасын пародиялау тапсырылды. Алина Полина Гагарина, Манижа, Эми Уайнхаус, Глория Гайнор, Татьяна Буланова сияқты әншілердің шығармаларын орындады.

 "Лучше всех" - тамаша жүргізушісі бар, ең керемет бағдарлама. Ал Кирилл Нечаев екеуміз бәрінен күштіміз", - деді Алина.

Алина Сансызбай "Голос. Дети" шоуына қатысқаннан кейін, танымал болды. Содан кейін ол суперфиналға шығып, үшінші орын алды. Алина Нюша командасында болды.

2016 жылы Алина "Голос. Дети" байқауының украиналық нұсқасына қатысып, Монатик командасында болды. Сонымен қатар, ол ағасымен бірге дарынды балаларға арналған "Синяя птица" жалпыресейлік байқауына қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети