6 қазанда Алматы-1 вокзалында жоғалып кеткен 28 жастағы Айжан Кенжеқараева табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздың әпкесінің айтуынша, ол қаладағы ауруханалардың бірінен табылды.
6 қазанда Алматы-1 вокзалында жоғалып кеткен 28 жастағы Айжан Кенжеқараева табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздың әпкесінің айтуынша, ол қаладағы ауруханалардың бірінен табылды.
"Біз эпилепсия болғанын білдік. Бей-жай қарамаған адамдар жедел жәрдем шақырып, оны ауруханаға жеткізген. Ол әлі ауруханада ем алып жатыр. Жақында шығады, үйге алып кетеміз. Аман-есен, оны іздестіргендердің барлығына алғыс айтамын", - деді әпкесі Әлия Кенжеқараева.
Еске сала кетейік, осыған дейін үйінен шығып кетіп, ұшты-күйлі жоғалған қыздың іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын. Қыздың туыстарының айтуынша, 28 жастағы Айжан Кенжеқараеваны соңғы рет Алматыдағы 1-ші теміржол вокзалының маңынан көргендер болған. "Соңғы телефон қоңырауы 6 қазанда сағат 13.00-де болған, телефон түнгі 23.00-ге дейін қосулы болған, одан кейін байланыс үзілген. Содан бері оралмады, біз полицияға хабар бердік", - деген едіі әпкесі Әлия Кенжеқараева.