Алматы вокзалында талып қалған ер адам мен ұлының туыстары іздестіріліп жатыр

23 Мамыр 2017, 12:39
0
Алматы вокзалында талып қалған ер адам мен ұлының туыстары іздестіріліп жатыр -

Алматы вокзалында талып қалған ер адам мен ұлының туыстары іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желілерде хабарлады. Ер адамның жедел түрде ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

"Бүгін таңертең "Алматы-2" вокзалында ер адам әлсіреп, талып қалған. Жанында баласы бар. Ұялы телефоны жоқ. Болжам бойынша, ол Астанадан келді. Ер адамды жедел жәрдем ауруханасының токсикология бөліміне әкетті. Бала жылап жатыр. Кім не біледі?", - деп жазды Диля Юсупбаева Facebook желісіндегі парақшасында.


© Facebook/Диля Юсупбаева

Астана қалалық Ішкі істер департаментіндегілер ер адамның вокзал маңындағы сауда орталығы маңында әлсірегенін айтты. Жанында ұлы болды, шамамен үш жасар. Олар жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді", -  деді қалалық ІІД өкілдері.

Алматы қалалық денсаулық басқармасындағылар баланың ауруханада жатқанын хабарлады.

"Ер адам жедел жәрдем ауруханасының токсикология бөліміне жеткізілді. Ер адамның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Бала ауруханада жедел жәрдем ауруханасы қызметкерлерінің бақылауында. Қазіргі уақытта аурухана әкімшілігі туыстары мен жақындарының нөмірлерін іздестіріп жатыр", - деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай