"Алматы-2-Защита" пойызы көпшіліктің сұрауымен күнде қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы-2-Защита" пойызы көпшіліктің сұрауымен күнде қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың 29 маусымынан бастап "Алматы-2-Защита" бағыты бойынша жаз маусымында күн сайын (бұрын күнара) қатынайтын жаңа "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы тағайындалды.
"Сонымен қатар, 2015 жылдың 04 шілдесінен бастап жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін жаз маусымында "Астана-Костанай" бағыты бойынша күнара қатынайтын жаңа "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы жолға шығады. Қосыша ақпаратты темір жол вокзалдарының анықтамалықтарынан немесе 105 бірегей анықтама қызметінен алуға болады", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы-Достық бағытында жаңа пойыздың қатынайтыны хабарланған болатын. Жаз маусымы қарсаңында Алакөл жағалауындағы балалар демалыс лагерлерінің ашылуына орай және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін 2015 жылдың 12-маусымынан бастап № 451/452 "Алматы-2-Достық" бағыты бойынша жүретін жаңа пойыз тағайындалды. Пойыз аптасына үш рет қатынайды және бес купе вагон мен бір ҰВ вагоннан тұрады.