13 қаңтар 2021 09:17

Алматыда 10 сантиметр қар түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 10 сантиметр қар түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда 10 сантиметр қар түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қар бүгін түнде сағат 04.30-да жауа бастаған. Сағат 9-дағы жағдай бойынша, 10 сантиметр қар түскен.

"Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа бастаған сәттен бастап жолдарға, жол қиылыстарына, көлік жолайрықтарында көктайғаққа қарсы материал себу, сондай-ақ қар тазалау жұмыстары жүргізіледі. Тайғаққа қарсы 2650 текше метр материал жұмсалды.

Жаяу жүргіншілер жүретін жерлерді, қоғамдық көлік аялдамаларын, көлік қоятын аумақтарды, жол өткелдерін, саябақтарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді әкімдік өкілдері.

Қазгидромет мамандарының болжамынша, бүгін күндіз ауа температурасы -2 градус шамасында болады, ал қар кешке қарай ғана тоқтайды.

Еске салайық, мұның алдында қалың қар жаууына байланысты алматылықтарға ескерту жарияланған болатын. 13 қаңтарда түнгі уақытта қар жауып, күндіз қалың қарға ұласуы мүмкін екені айтылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети