12 қаңтар 2021 18:02

Қалың қар жаууына байланысты алматылықтарға ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Алматыда 13 қаңтарда түнгі уақытта қар жауып, күндіз қалың қарға ұласуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мамандарына сілтеме жасап.


Алматыда 13 қаңтарда түнгі уақытта қар жауып, күндіз қалың қарға ұласуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мамандарына сілтеме жасап.

Жалғасы

Осыған байланысты синоптиктер ескерту жариялады.

"Коммуналдық қызметтердің қар тазалау жұмыстарын дер кезінде әрі сапалы атқарулары үшін автокөлік жүргізушілерден қалада көлік қозғалысын барынша азайтуды, жеке көліктерін жол жиектеріне қоймауды, бұл іске түсіністікпен қарауды сұраймыз. Қар тазалауға кедергі жасайтын көліктердің эвакуатормен басқа орындарға жіберілетінін ескертеміз.

Көлікпен жүру өте қажет болса, онда жүргізушілерді жылдамдықты азайтуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және кенеттен маневр жасамауға, жол-көлік апатын болдырмауға шақырамыз", - деді синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети