18 тамыз 2023 17:52

Алматыда 100 мың теңгелік телефонды алып, жоғалып кеткен курьер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматы полициясы клиенттің тапсырысын алып, белгіленген орынға жеткізбей жоғалып кеткен курьерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полициясы клиенттің тапсырысын алып, белгіленген орынға жеткізбей жоғалып кеткен курьерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәлемдемені тапсырыс орнына жеткізбей, жоғалып кеткен курьер ұсталды. 2002 жылы туған азамат А.-ның айтуынша, келеңсіз жағдай ұялы телефонының бұзылып қалуына байланысты болған. Курьер кеше тапсырыс берушімен хабарласып, сәлемдемені жеткізгенін айтып отыр. Объектив мән-жайды Алмалы ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін тапсырыста құны 100 мың теңгелік ұялы телефон болғаны хабарланған еді. Жеткізуші тапсырысты ұялы телефон дүкенінен алып кеткен.

"Сәлемдемеде құны 100 мың теңге болатын Xiaomi ұялы телефоны бар. Ол телефонды жеткізбей, байланыссыз қашып кетті. Полицияға арыз жазылды", - деді жәбірленуші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети