Алматыда 148 полицей жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 148 полицей жұмыстан қуылды © Тұрар Қазанғапов

Алматыда түрлі себептермен ішкі істер органдарынан 148 полицей жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда түрлі себептермен ішкі істер органдарынан 148 полицей жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2017 жылы 91 жария түрдегі тексеріс және 5 жария емес түрдегі тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде жол-патрульдік полицияның 35 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2017 жылы жемқорлықпен күрес бойынша және заңбұзушылық жасағандарды жазалау туралы 100-ден аса бұйрыққа қол қойдым: 659 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Органдардан жергілікті полиция қызметінің 148 қызметкері қуылды. Олардың ішінде 44 - учаскелік инспектор, кәмелетке толмағандар ісімен айналысқан - 13 инспектор, жол-патрульдік қызметтің 70 қызметкері және тағы бірнеше қызметкер түрлі себептермен жұмыстан босатылды", - деді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Төрехан Исин өңірлік коммуникациялар қызметі бойынша өтіп жатқан баспасөз конференциясы барысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2017 жылы жергілікті полиция қызметінде 2 308 адам жұмыс істеді.

"Жағымсыз себептермен 12 қызметкер жұмыстан қуылды. Яғни, жемқорлық заңбұзушылық жасаған, әскери ережені бұзғандар, әскери тәртіп пен этика ережелерін бұзғандар", - деді Төрехан Исин.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.16   555.05   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +28
Ақтау +26
Ақтөбе +26
Атырау +31
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +32
П
Павлодар +25
Петропавл +31
С
Семей +29
Т
Талдықорған +28
Тараз +32
Түркістан +26
О
Орал +28
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер