22 желтоқсан 2017 14:06

Алматыда 16 жасқа толмаған 40-тан аса қыз жүкті болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы әкімінің әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы Назира Тоғызбаева Алматыдағы ерте жастағы жүктілік пен суицидтер статистикасын келтірді, - деп хабарлайды InAlmaty.kz.


Алматы қаласы әкімінің әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы Назира Тоғызбаева Алматыдағы ерте жастағы жүктілік пен суицидтер статистикасын келтірді, - деп хабарлайды InAlmaty.kz.

"Кездесу өткізгенімде меморгандардан 13-16 жас аралығындағы қанша қыздың жүкті болып қалғанын сұрадым. Түрлі орган әртүрлі санды атайды, аталған сандар барған сайын қысқара береді. Білім бөлімінен сұрадым, сосын мектеп директорынан суицид жағдайы болды ма, неге айтпайсыздар деп сұрадым, ұмытып қалдық дейді. Бұлайша мәселені шеше алмайтынымызды айттым. "Неге санын азайтып айтасыздар? Бұдан ұтамыз ба?" деп сұрадым. Олар болса мұндай жағдай тіркелмегенін және басқаны айтып, сылтауратады. Әрбір меморган өз міндетін атқаруы тиіс. Бұл жерде "сен тимесең мен тиме" дегенге келіп отыр, әрбір адам өз жұмыс орнында болуы тиіс", - дейді инспектор.

Ресми статистикалардағы түрлі қорытындыға қарамастан, қалада ерте бастан жүкті болып қалу жағдайлары өте көп екен.

"Қала бойынша суицидке оқталған жасөспірімдердің саны 27, ал 3-еуі суицид жасаған. Ерте жүктілікке қатысты айтсақ, бізде өте көп. 13-16 жас аралығында 40-тан аса жүкті қыз бар. Барлық есепте бірге тұрып жатыр, азаматтық некеде деп жазады, бұл өте қорқынышты. Үкіметтік емес сектормен бірге жұмыс істеймін, жұмыс оңалып келеді", - дейді Тоғызбаева.

Бұл мәліметтерді инспектор тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою бойынша өткен кездесуде келтірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети