04 қыркүйек 2023 10:02

Алматыда 20 сантиметрлік қоршаудың түйреуіші баланың аяғын тесіп өткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының дәрігерлері аяғын 20 сантиметрлік түйреуішке кесіп алған баланы құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының дәрігерлері аяғын 20 сантиметрлік түйреуішке кесіп алған баланы құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланы жедел медициналық жәрдем бригадасы кешкі сағат 21:00 шамасында Алматының ЖМЖО жедел хирургия бөлімшесіне алып келген. Баланың оң жамбасы жарақаттанып, ішінен 20 см түйреуіш шығып тұрған. Ата-анасының айтуынша, бала жақын маңдағы аулада қоршаудан өтіп жатқанында сүрініп, басы төмен салбырап, аяғын түйреуіш тесіп өткен.

Науқасты хирург пен травматолог шұғыл тексеріп, операция тактикасын анықтаған. Хирургтар аяқтан бөгде затты алып қана қоймай, өмірлік маңызды тамырларды зақымданудан сақтауы қажет болған.

"Дәрігерлер миллиметр санап, аяқты түйреуіштен босату үшін өте мұқият әрекет еткен. Біз тапсырма орындалды деп санаймыз. Операциядан кейін алғашқы күні науқас өзін жақсы сезінді, жағдайы қанағаттанарлық. Жақында бала мектепке өз бетінше бара алады деп ойлаймын", - деді Алматы қалалық Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманалиев.

Операцияны хирург Байдуллаев Нұрболат, Нұров Әділжан, травматолог Толаметов Фаррух және анестезиолог Әлияхметов Жанат сияқты дәрігерлер тобы жүргізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети