05 ақпан 2022 12:47

Алматыда 200-ден аса кәсіпкер тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген залал үшін өтемақы алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Алматыда 200-ден аса кәсіпкер келтірілген шығындар үшін өтемақы төлемдерін алды. Бұл туралы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 200-ден аса кәсіпкер келтірілген шығындар үшін өтемақы төлемдерін алды. Бұл туралы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылғы қаңтарда жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен ШОБ субъектілеріне келтірілген шығындарды өтеу үшін аймақтық комиссияның кезекті отырысында 337,4 миллион теңге сомасына 204 өтінім мақұлданды.

Оның ішінде 208,3 миллион теңге сомасына 111 өтінім "Жаңа Алатау" қайырымдылық қоры арқылы қолдау тапты (Мемлекеттік кірістер департаментінің деректері бойынша айналымы жоқ 3 миллион теңгеге дейінгі шығын сомасы бар кәсіпкерлер үшін); 93 кәсіпкерге 129,1 млн теңге сомасында өтемақы бюджеттен төленетін болады (айналым бойынша ресми деректерге сәйкес, есеп айырысудың оңайлатылған формуласы бойынша мәлімделген шығынның толық сомасына). Комиссия жұмысы басталғаннан бері барлығы 370,3 миллион теңге сомасына 221 өтінім мақұлданды", - делінген хабарламада.

Комиссия жұмысы жалғасып жатыр. Кәсіпкерлердің өтінімдері ұсынылған құжаттардың толықтығына орай мұқият зерделенеді және Комиссия мүшелерінің ашық дауыс берулері арқылы қаралады.

Бұрындары аймақтық комиссия шығынды өтеу тетігіндегі кемшіліктерді анықтап, оны жақсарту сипатында өз ұсынысын енгізген болатын. Осылайша, төлемдердің шекті сомасы 5 миллион теңгеге дейінгі жеңілдетілген тетік бойынша залалды өтеу тетігі көзделген. Бұл зардап шеккен бизнес субъектілерін қамтуды едәуір кеңейтуге және өтемақы төлеуді жеделдетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, мемлекеттік бюджет қаражатымен қатар қорлардың жеке қаржысынан төлемдер қарастырылған. Өтемақы төлеу тетігін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасып жатқаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети