Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Алматыда 26 ПИК-ке айыппұл салынды

11 Ақпан 2014, 15:22
0
Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Алматыда көпқабатты үй аулаларының тазалығына салғырт қараған 26 кооперативке жалпы көлемі 400 мың теңге болатын айыппұл салынды деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты реттеуді пайдалану басқармасына сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, Алматы экология инспекциясы пәтер иелері кооперативтерінің көпқабатты үй аулаларындағы тазалықты сақтауын тексерген. Тексеру нәтижесінде кейбір кооперативтердің тұрмыстық қатты қалдықтарды белгіленген кестеге сай шығарып тұрмайтыны анықталды. Инспекция мамандары оларға қатысты жалпы сомасы 400 032 теңге болатын 26 хаттама толтырды.

"Алмалы ауданы бойынша 6 хаттама (23 АЕК), Әуезов ауданы бойынша 6 хаттама (60 АЕК), Бостандық ауданы бойынша 3 хаттама (8 АЕК), Жетісу ауданы бойынша 1 хаттама (5 АЕК), Медеу ауданы бойынша - 50 (АЕК), Түрксіб ауданы бойынша 4 хаттама (70 АЕК) толтырылды", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, экология инспекциясы мамандары қалада көріктендіру ережелерін бұзған 48 заңды тұлғаға жалпы сомасы 775 988 теңге болатын әкімшілік айыппұл салды.




Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай