17 тамыз 2018 11:28

Алматыда 3200 метр биіктікте заманауи дәретхана салынады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

©shymbulak.com ©shymbulak.com

Шымбұлақтың ең биік нүктесінде теңіз деңгейінен 3200 метр жерде заманауи дәретхана салынады. Бұл туралы "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты басшысы Ержан Еркінбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі. 


Шымбұлақтың ең биік нүктесінде теңіз деңгейінен 3200 метр жерде заманауи дәретхана салынады. Бұл туралы "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты басшысы Ержан Еркінбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішісі. 

Оның айтуынша, дәретхананы қыс маусымына арнап орнатады. 

"Кәріз желілерінің жетіспеушілігі мен қатал ауа райы жағдайларына байланысты "шыдамсыз" қонақтарға жуынатын бөлме орнату туралы өтінішін орындау міндеті қиынға соқты. Альпінің көптеген курортында да осындай биіктікте дәретханалар жоқ, бірақ ешкімнің ойына шағымдану келмейді. Қолданыстағы "ауылдық" дәретхана тұтынушылар үшін емес, Талғар асуында тәулік бойы кезекшілік жүргізетін құтқарушылар үшін салынған, ал тұтынушылар орталық станцияға жеті минутта жетіп, әдемі жуынатын бөлмені қолдануларына болады ... ", - дейді ол.

Оның мәліметі бойынша, су құдыры тау шыңына дейін жүргізіліп қойыпты. Енді жуынатын бөлмені кәрізсіз қолдану үшін су тазарту қондырғысы бойынша шешім қабылданып жатыр. 

"Қысқа дейін бұл мәселені шешеміз, ал өзінің био-физиологиялық қажеттіліктерін бес минут бақылауда ұстап немесе тежей алмайтын адамдарға орталық станциядағы дәретханаға баруды ұсынамын, - деді Еркінбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети