Алматыда 70-ке жуық үй суық сусыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 70-ке жуық үй суық сусыз қалды ©РИА Новости

Алматыда 70-ке жуық үй суық сусыз қалды. 11 мамырда құбыр жүйесіндегі апат салдарынан көпқабатты 15 үй мен 45 жеке үй судан ажыратылды. "Алматы су холдингі" МКК баспасөз хатшысы Серік Шағыров Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаға жүйелердің әбден тозғаны себеп болғанын айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 70-ке жуық үй суық сусыз қалды. 11 мамырда құбыр жүйесіндегі апат салдарынан көпқабатты 15 үй мен 45 жеке үй судан ажыратылды. "Алматы су холдингі" МКК баспасөз хатшысы Серік Шағыров Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаға жүйелердің әбден тозғаны себеп болғанын айтты.

Оның мәліметінше, Алматыдағы 3000 шақырымдық су құбырларының 70%-дан астамының мерзімі өткен. Жоғарыда аталған үйлерге қоса, кішкентай ақаудың салдарынан тағы сегіз үй суық судан ажыратылды. "Ақсай" 3б және "Баянауыл" ықшамаудандарында 60 үйге бүгін сағат 18.00-ге дейін суық су қайта берілетін болады.

"Алматы су холдингі" өкілдерінің айтуынша, 3-ықшамаудандағы көпқабатты екі үйге сағат 14.00-де суық су түгел берілуі тиіс. "Сағат 10.00-ден бастап, Сәтбаев - Сейфуллин қиылысындағы үйлер судан ажыратылды. Ол жерде құдық тесілген. Сәтбаев көшесінде 18 д, г, в және 20 а үйлері, Желтоқсан көшесінде 177 а, Сейфуллин даңғылында 546-үй сусыз қалды", - деді Шағыров.

Шағыровтың мәліметінше, 14 мамыр күні Саин көшесіндегі жаяулар өткелі аумағында жөндеу жүргізілуіне байланысты бұл маңдағы үйлерге су беру тоқтатылады. "Орбита - 1, 2, 3, 4" және "Мамыр - 1-7" ықшамаудандарында да суық су уақытша ажыратылады. Айта кетейік, бұған дейін жүйелерге жүргізілетін гидравликалық сынаққа байланысты Алматының кейбір аудандарының күзге дейін ыстық сусыз қалуы мүмкін екені хабарланған болатын. Қай жерлерде жөндеу жүргізілетінін мына жерден көруге болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети