Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда күзге дейін ыстық су болмауы мүмкін

30 Сәуір 2014, 12:12
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Алматыда құбырларға жөндеу жүргізілуіне байланысты тұрғындар күзге дейін ыстық сусыз отыруы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Қазіргі мезгілде жылу желілерінде гидравликалық сынау жұмысы жүргізіліп жатыр, егер құбырлардың зақымданған тұстары анықталса, олар алмастырылады. 

"Алматы жылу жүйесі" кәсіпорнының сайтында 30 сәуір күні Сейфуллин, Рысқұлов, Жангелдин, Райымбек, Куратов, Гоголь, Бөгенбай батыр, Шәріпов, Тимирязев, Розыбакиев көшелерінде, 4-5 мамыр күндері сағат 09.00-17.00 аралығында Гоголь, Курганская, Сәтпаев, Чайковский, Қабдолов, Гайдар, Қалқаман ықшамауданындағы Әуезов көшесінде, 5-6 мамырда Абылай хан, Бөгенбай батыр, Мұратбаев, Мақатаев, Сейфуллин, Тобаяқов, Рысқұлбеков, Асқаров көшелерінде, Мирас, Орбита ықшамаудандарында, Торайғыров, Науаи, әл-Фараби, Мұстафин, Желтоқсан, Луганский көшелерінде, ІІМ шипажайында, Жамақаев, Қарасай батыр, Байзақов, Тимирязев, Розыбакиев көшелерінде гидравликалық сынау жүргізілетіні хабарланған.

"Гидравликалық сынау жүргізу кезінде ыстық сумен қамтамасыз ету толығымен сақталады. Сынақтар барысында жылу жүйелерінің жай-күйі бағаланады, ықтимал сенімсіз учаскелер анықталады. Төтенше ахуал туындаған жағдайда (су, бу шығу) өз бетінше іс-қимыл жасамай, "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-нің диспетчерлік қызметіне - 378 06 65 хабарлау керек", - делінген кәсіпорын сайтында. 

Мамандар жөндеу жұмыстарының 2014 жылдың қараша айына дейін созылатынын хабарлайды. "Тұрғындар ыстық судың берілуі туралы нақты ақпаратты ПИК-терден білуі керек", - дейді "Алматы жылу жүйесі" кәсіпорнының өкілдері.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай