03 сәуір 2017 | 09:14

Алматыда Әблязовтың ісі бойынша сот отырысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Дүйсенбіде, 3 сәуірде Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында БТА банкінің бұрынғы басшысы мен қаржы институтының бұрынғы топ-менеджерлеріне қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Дүйсенбіде, 3 сәуірде Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында БТА банкінің бұрынғы басшысы мен қаржы институтының бұрынғы топ-менеджерлеріне қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сондай-ақ, осыған дейін Әблязовтың сырттай сотталатыны хабарланған еді. "Мұхтар Әблязовқа, Жақсылық Жарымбетовқа, Қайрат Садықовқа және Сәдуақас Мамешке қатысты бас сот отырысы Алматыдағы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта 2017 жылдың 3 сәуірінде сағат 10.00-де ашық тәртіпте өтіп, сот өндірісі орыс тілінде жүргізілсін", - деген еді Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Мартпек Кәкімжанов.

Айта кетейік, істе 2 224 том бар, айыптау тізімінде 205 куәгер бар.

Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі жымқырылған қаражаттың халықтың зейнетақы жинағы екені дәлелденгені жайлы хабарлаған еді. "Тергеуден жымқырылған қаражаттың халықтың зейнетақы жинағы екені, Қазақстан азаматтарының жеке жинағы екені және шетелдік қаржы институттарының қарызы екені нақтылы анықталды", - делінген Ұлттық бюроның хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 2 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанаға шақырған болатын. "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әблязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің соталды тергеуін жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Антикоррупция қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапты. Банктен қаражатты жымқырудың жаңа нұсқалары ашылды. Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен деген қосымша күдік келіп отыр. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан территориясында да, шетелде де әрекет еткен", - делінген еді ведомство хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети