10 наурыз 2021 13:50

Алматыда ақылы көлік тұрағы кімдерге тегін болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Tengrinews.kz Фото: ©Tengrinews.kz

Алматыда ақылы автотұрақтарды тегін пайдалануға құқылы адамдар санатының тізімі толығады. Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда ақылы автотұрақтарды тегін пайдалануға құқылы адамдар санатының тізімі толығады. Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жобаны Алматы қалалық мобильді басқармасы дайындады. Басқарма қаладағы ақылы автотұрақтарды пайдалану қағидаларына толықтырулар енгізіп жатыр. Ақылы көлік тұрағында орынды тегін пайдалану құқы бар тұлғалар тізімі толықтырылады.

Тізімге қосылғандар:

1) басқа мемлекет аумағында болған соғыс ардагерлері;

2) туғанынан мүгедек және мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері;

3) "Алтын Алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы аналар";

4) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен адамдар;

5) электромобильдер.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети