Алматыда алып қашу құрбаны болып, апатқа түскен қыз ауруханадан шығарылды

07 Қыркүйек 2016, 16:41
0
Алматыда алып қашу құрбаны болып, апатқа түскен қыз ауруханадан шығарылды - Әлия Ошақбаева . © facebook.com
Әлия Ошақбаева . © facebook.com

Алматы облысында алып қашу құрбаны болып, Алматы-Көпек-Көктал жолында жантүршігерлік апатқа түскен қыз ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 22 жастағы Әлия Ошақбаева қазіргі уақытта Ақши ауылындағы үйінде. 

"Алматының №4 қалалық ауруханасында Әлияның аяғы мен қолына ота жасалды. Алдыңғы күні ол ауруханадан шығарылды, қазір ол Ақшиде. Дәрігерлер қалпына келуі үшін оның біраз күтуі керектігін айтып отыр. Ақсаңдап жүре ме, тік жүріп кете ме - ол жағын дәрігерлер анықтап айта алмай отыр. Мұны уақыт көрсетеді. Дәрігерлердің айтуынша, ота сәтті жасалды", - деді қыздың ағасы Әркен Махмұт. Айтуынша, қазір қыз арбада отыр. "Көңіл күйі жақсы. Оның бір ғана мақсаты бар - сауығып кету. Жұмыс берушісі жұмыс орнын сақтауға уәде беріпті. Сөйтіп, Жаңа жылға дейін күтетінін айтыпты", - деді Әркен Махмұт.

Еске салайық, 8 тамызға қараған түні Алматы - Көкпек - Көктал тас жолында жол апаты болған еді. Болған жол апатынан көліктің ішіндегі төрт жігіт қаза тауып, тек қыз аман қалған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай