12 маусым 2020 11:25

Алматыда ауа тазарды - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz/Алихан Сариев © Tengrinews.kz/Алихан Сариев

"Қазгидромет" РМК орталығы Алматы қ. атмосфералық ауадағы бенз (а) пирен құрамының бірінші аптадағы талдауларының нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" РМК орталығы Алматы қ. атмосфералық ауадағы бенз (а) пирен құрамының бірінші аптадағы талдауларының нәтижелерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК Алматы қаласында атмосфералық ауадағы бенз(а)пиреннің құрамына мониторинг жүргізіп келеді.

Сынамаларды іріктеу келесі 5 нүктеде жүргізілді:

- Амангелді көшесі, Сәтбаев көшесі қиылысы;

- Райымбек даңғылы, Наурызбай батыр көшесінің қиылысы;

- Айнабұлақ-3 шағын ауданы;

- Ақсай-3 шағын ауданы, Маречек көшесі, Б. Момышұлы көшесінің қиылысы;

- Тастақ-1 шағын ауданы, Төле би көшесі, 249.

Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның сынамаларын іріктеу және талдау нәтижелері бойынша бенз(а)пирен концентрациясы текше метрге 0,0002-0,0004 микрограмма шегінде, бұл белгіленген нормадан төмен (ШРШ = текше метрге 0,001 микрограмма).

Бензапирен - күшті канцерогендік белсенділікке ие өте улы химиялық компонент. Ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша қауіптіліктің І (жоғары) класына жатады.

Ол көмірсутекті сұйық, қатты және газ тәрізді отынның жануы кезінде пайда болады, ірі қалаларда көбінесе автокөліктен бөлінеді.

Ашық дереккөздегі ақпарат бойынша, бензапирен ағзаға тері, тыныс алу органдары және ас қорыту жолдары арқылы түсуі мүмкін. Ол қатерлі ісікке алып келеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети